ЛитВек: бестселлеры недели
Бестселлер - Татьяна Владимировна Мужицкая - Теория невероятности - читать в ЛитвекБестселлер - Стефан Анхем - Жертва без лица - читать в ЛитвекБестселлер - Андреас Грубер - Сказка о смерти - читать в ЛитвекБестселлер - Сью Джонсон - Обними меня крепче. 7 диалогов для любви на всю жизнь - читать в ЛитвекБестселлер - Шамиль Аляутдинов - Триллионер думает - читать в ЛитвекБестселлер - Экхарт Толле - The Power of Now. Сила настоящего - читать в ЛитвекБестселлер - Бернард Вербер - Ящик Пандоры - читать в ЛитвекБестселлер - Эдвард Станиславович Радзинский - Бабье царство. Русский парадокс - читать в Литвек
Литвек - электронная библиотека >> Нарша Булгакбаев >> Поэзия и др. >> ОЯН РУХ!

Нарша Булгакбаев ОЯН РУХ!

Қандай жақсы


Бай болғаның қандай жақсы,

Пайда көретін жалтақсыз.

Танылғаның қандай жақсы,

Жүре алмайтын атақсыз.


Сау болғаның қандай жақсы,

Сыпылдайтын армансыз.

Бар болғаның қандай жақсы,

Ғұмыр кешетін тағатсыз.


Адал болғаның қандай жақсы,

Турашыл дейтін арамсыз.

Әділ болғаның қандай жақсы,

Шыншыл дейтін қарасыз.


Бала болғаның қандай жақсы,

Күнің өтпейтін қызықсыз.

Адам болғаның қандай жақсы,

Өмір өтпейтін қайырсыз.


Ғибрат болсын сіздерге!


Күн шықса лезде батырған,

Уақыт неткен зымыраған.

Бұл дүние уақытша,

Қонақпыз аяқталғанша.


Ізгілік қаныңа тарасын,

Адамзат қайда барасың?

Адаспаған болсаң егер,

Дүниеден сау қайтарсың.


Бірітіндеп адамға бақ қонбас,

Адам боп өзі ұмтылмаса.

Ажал жетпей өлім болмас,

Көлденең тап болмаса.


Жазғанымнан не пайда,

Оқыған баға бермесе.

Бөскенімен не пайда,

Нəтижесін көрмесе.


Түсінгенінен не пайда,

Жүрегі қабылдамаса.

Өмір сүргенінен не пайда,

Түбінде қайыр болмаса.


Иманға шын берілген,

Тойсыз да өмір сүре алар.

Еңбекке шын берілген,

Əнсіз де өмір сүре алар.


Ақылы үнемі толықпаған,

Шынды, хақты ұға алмас.

Сөзді жүрекпен тыңдамаған,

Сөз шындығын таба алмас.


Тағдырға еш өкпем жоқ,

Разылық еттім бəріне.

Уақытта шын бір мін жоқ,

Үлестірілген бəріне.


Кей кездері қуанған,

Кей кездері мұңайған,

Көп адасқан шатасқан,

Тұрақты бола алмаған.


Замандастан шықты ғой,

Залым менен дұшпаның.

Құтырып шектен шықты ғой,

Болмады жөнге салғаның.


Бір-бірімізді уладық,

Бір-бірімізді қорладық,

Кешірім неге сұрамадық?

Шүкірлік неге қылмадық?


Сабрлық неге танытпадық?

Құдайдан неге қорықпадық?

Құран қалдырған ақ жолды,

Жаңамен неге былғадық?


Бес парыздың барлығынан,

Сабақ неге алмадық?

Күнде бір уағыз, қатын әңгіме,

Екі құлақпен қармадық.


Жөнге салар көш бар ма?

Пайғамбар Сүннет жолынан.

Ақиқат құны қалды ма?

Адамзат жасаған амалдан.


Өлімді жиі еске ал,

Өзіңді сөйтіп тəрбиеле.

Ақыретті жиі еске ал,

Қалып қойма көлеңкеде.


Тойда ішкен бір күн мас,

Есі жоқтар күнде мас.

Құл болып кетпе жаманға,

Еріп кетпе арамға.


Шын иманың бақыт қой,

Өтірік мақтаннан аман бол.

Сағынба той ас күлкіні,

Боқ сөздерден аман бол.


Заманың қарасұр түлкі ғой,

Бар тірегіміз иман ғой,

Зұлымдық барын ұмытпа,

Ақылмен соны ұқпақ қой.


Өмірден күдер үзгендер,

Өзіне-өзі қол салар.

Өзін төмен санағандар,

Өзін-өзі қор қылар.


Тірегің болса туысың,

Бақыттысың дəл солай.

Қамқор менен мейірім,

Алланың өзі дəл сондай.


Байлықтан күдер үзгендер,

Кедейшілікке тап болар.

Өзгені төмен санағандар,

Тəкаппарлыққа тап болар.


Құдай барын ұмытқандар,

Залымдарға тап болар.

Сабрдың барын ұмытқандар,

Күпірлікке тап болар.


Дүниеге адам тояр ма?

Ел қамын біреу ойлар ма?

Біреудің тілеуін тілер ме?

Байлық пен атаққа тояр ма?


Уақытты біз қашан шыныменен,

Иманға жаратымыз ғылымменен.

Жауапты жұмыс осы деп,

Ғибрат болсын осыменен.


Өнеге тəлімнің төресі


Жақсы адам көп болса,

Айналамыз нұрға толған.

Жаман адам көп болса,

Айналамыз быт-шыт болған.


Жақсы адам нышаны,

Жанын семіртіп əуре болған.

Жаман адам нышаны,

Тəнін семіртіп əуре болған.


Иманды адам көп болса,

Ізгілік қоғам орнаған.

Имансыз адам көп болса,

Жауыз қоғам орнаған.


Иманды адам нышаны,

Жақсылықпенен жарысар.

Имансыз адам нышаны,

Мал дүниемен жарысар.


Ізетті өскен ұл бала,

Ар мен намыстың жөнін білер.

Ибалы өскен қыз бала,

Əдеп пен ұяттың жөнін білер.


Өнеге тəлімнің төресі,

Тəрбие көрген биязы болар.

Биязылық мінездің көркемі,

Таудың шыңы осы болар.


Ғибрат тəлім алғандар,

Жаны жарық нұр болар.

Имансыз тəрбие алғандар,

Болшағы күмəнді болар.


Көкірегі сауатқа толса егер,

Бала-шаға бағың болар.

Əдепті боп өссе егер,

Құлпырып əрдайым жүретін болар.


Балалар жақсы болсыншы,

Залымдардан қорғайық.

Өнеге көрген болсыншы,

Көңіл бөлуден шаршамайық.


Түбінде сорың болудан,

Құдайым бізді сақташы.

Тек Жақсының артынан,

Әрдайым ұрпақ ерсінші.


Жақсы отбасы белгісі,

Татулық пенен сыйласу.

Жаман отбасы белгісі,

Дауласу мен жауласу.


Шын Ақындар


Ойлағанын, көргенін, айта алады,

Айта алады, сөйтіп көңіл, жай табады.

Бота көзбен, оларды мен, қызғанамын,

Қызғанамын, мен оларға, қызығамын.


Балалар сияқты таза болар,

Қария сияқты дана болар,

Темірдей олар берік болар,

Әйнек тәрізді нәзік болар.


Әділетпенен күрескен,

Екіжүзділерді кешірмес.

Теңдікпенен күрескен,

Алдауды олар кешірмес.


Халықтың көңіл жағдайын,

Солардың сөзінен білерсің.

Халықтың тілеген тілеуін,

Солардың сөзінен сезерсің.


Табиғатты да жырлайды,

Адамды да жырлайды,

Ерекше құбылыс таңғалдырар,

Жүректі те қозғайды.


Шеберлігіне тамсанамын,

Тілдері олардың ғажап қой.

Ақынмын деуге ұяламын,

Біздікі жай ботқа ғой.


Ұлылардың сөзі ғажап,

Өмір көрген зерттеген.

Алайда ең күштілері,

Сөзім ақиқат демеген.


Қайғы


Кей жанға қара бас қайғы,

Бәрінен өзі артық еді.

Кей жанға айнала дос қайғы,

Өзінен бәрі артық еді.


Біреуге тек дүние қайғы,

Ішкі әлемі өлі еді,

Біреуге тек ақырет қайғы,

Ішкі әлемі бос еді.


Кей кісіге туыс қайғы,

Арамдыққа жақын еді.

Кей кісіге бала қайғы,

Жамандыққа жақын еді.


Кей пендеге өзі қайғы,

Кемшілікке көп еді.

Кей пендеге өзге қайғы,

Кемшілікке кем еді.


Дерті барға жан қайғы,

Шипа іздеп кетер еді.

Дерті жоққа мал қайғы,

Ақша іздеп кетер еді.


Кей адамға өмір қайғы,

Көрген қызығы аз еді.

Кей адамға өлім қайғы,

Үлгермегені бар еді.


Дүниеде кім жаман?


Қызғанатын жәрдемсіз,

Туыс пенен дос жаман.

Ақталатын толымсыз,

Ұры менен бай жаман.


Тәуелді болған байыпсыз,

Қоя алмайтын адам жаман.

Алған атаққа лайықсыз,

Тоя алмайтын адам жаман.


Күш жұмсамай еңбексіз,

Масыл болған ұл жаман.

Еш арланбай тыйымсыз,

Қызармаған қыз жаман.


Өнеге жоқ тәлімсіз,

Аңырайтын бала жаман.

Иесі жоқ кейіпсіз,

Ырылдайтын ит жаман.


Ата-ана жүгі аманат!


Ата-анаға кұрмет қыл,

Аманат жүгі түскенше.

Қарыздан ешкім құтылмас,

Қабірге жаны кіргенше.


Он сегіз мың ғаламды,

Бір Алла өзі жаратқан.

Пайғамбарымыз жөн беріп,

Пендесіне адасқан.


Бұрынғы өткен жандарда,

Армансыз өткен жан бар ма?

Ырзалық етіп жылайық,

Құдіреті күшті Аллаға.


Жаннатты анадан іздеп ек,

Төрінде жүруді нəсіп ет.

Табан астынан іздеген,

Амалдарымызды қабыл ет.


Қалауы көп қой